О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 6С-53/2-20 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Ерейментауском районе»
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 8С-7/6-23
·
02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 28 октября 2020 года № 6С-53/2-20 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Ерейментауском районе»
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С-53/2-20 «Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8С-7/6-23
- Қабылданған күні
- 25.08.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2024 185710_722668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BI861303
- ЭКБ идентификаторы
- 185710
- Редакция идентификаторы
- 185710_722668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:07
0 Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С-53/2-20 «Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 28 қазандағы № 6С-53/2-20 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8124 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына сәйкес есептеледі.»;
6-тармақ алынып тасталсын.