Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 61 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности»

Бұйрық · № 440 · қабылданған 28.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2020-no-61-ekb-156303/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 61 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности» Қолданыста Бұйрық ·№ 440 ·28.05.2021
28.05.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 61 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 440 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 61 «Об утверждении Правил оказания государственных услуг по вопросам адвокатской деятельности»
Атауы (қаз.)
«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
440
Қабылданған күні
28.05.2021
Көрсетілген редакция
28.05.2021 156303_526759.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022930
ЭКБ идентификаторы
156303
Редакция идентификаторы
156303_526759
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:00

0 «Адвокаттық қызмет мәселелері

бойынша мемлекеттiк қызметтер
көрсету қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушының
2020 жылғы 28 мамырдағы № 61
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттары Комиссиямен 13 (он үш) күнтізбелік күн ішінде қаралады. Қарау қорытындысы бойынша комиссия Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша үміткерді аттестаттауға жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін орнын және тілін (қазақ немесе орыс) айқындауға құқылы.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.»
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар адвокаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына) сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.».
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 1-қосымшасының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күн.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қолданыстағы