Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 713 «О некоторых вопросах специальной экономической зоны «Химический парк Тараз»

Қаулы · № 95 · қабылданған 16.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2020-no-713/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 713 «О некоторых вопросах специальной экономической зоны «Химический парк Тараз» Қолданыста Қаулы ·№ 95 ·16.02.2024
16.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 713 «О некоторых вопросах специальной экономической зоны «Химический парк Тараз»

Қолданыста Қаулы ·№ 95 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2020 года № 713 «О некоторых вопросах специальной экономической зоны «Химический парк Тараз»
Атауы (қаз.)
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
95
Қабылданған күні
16.02.2024
Көрсетілген редакция
16.02.2024 193374_685995.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000095
ЭКБ идентификаторы
193374
Редакция идентификаторы
193374_685995
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:09

0 Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы

28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
2) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы 505 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң), осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймақ аумағының жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Jibek Joly» арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының аумағы, S = 505 гектар.

Қолданыстағы