О внесении изменений в постановление акимата города Шымкент от 28 декабря 2020 года № 818 «Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима города Шымкент»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Шымкент от 28 декабря 2020 года № 818 «Об утверждении регламента личного приема физических лиц и представителей юридических лиц должностными лицами аппарата акима города Шымкент»
- Атауы (қаз.)
- «Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 818 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1418
- Қабылданған күні
- 01.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2024 170307_698336.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22E0028975
- ЭКБ идентификаторы
- 170307
- Редакция идентификаторы
- 170307_698336
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:48
0 «Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы
28 желтоқсандағы № 818 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 818 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 152 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1 «1. Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулының қосымшасымен бекітілген Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентінің 1, 19 және 29 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
1
«1. Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және Шымкент қаласы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін регламенттейді.»;