О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Таскопинского сельского округа от 28 августа 2020 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Таскопинского сельского округа от 28 августа 2020 года № 9 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Тасқопа ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 23.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 150491_500029.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CJG07827
- ЭКБ идентификаторы
- 150491
- Редакция идентификаторы
- 150491_500029
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:49
0 Шектеу іс-шараларын алу және Тасқопа ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-15-07/436 ұсынысы негізінде Тасқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тасқопа ауылдық округі Тасқопа ауылы Жаңабаз қыстағында орналасқан «Айбол» шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Тасқопа ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 9 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7371 тіркелген, 2020 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.