Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 28 декабря 2021 года № 108 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Сырдарьинском районе»

Өзге акт · № 72 · қабылданған 25.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2021-no-108/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 28 декабря 2021 года № 108 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Сырдарьинском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 72 ·25.12.2023
25.12.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 28 декабря 2021 года № 108 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Сырдарьинском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 72 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Сырдарьинского районного маслихата от 28 декабря 2021 года № 108 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Сырдарьинском районе»
Атауы (қаз.)
«Сырдария ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 108 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
72
Қабылданған күні
25.12.2023
Көрсетілген редакция
25.12.2023 191880_677111.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23LH848411
ЭКБ идентификаторы
191880
Редакция идентификаторы
191880_677111
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:23

0 «Сырдария ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 108 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Сырдария ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 108 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26239 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Сырдария ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 2, 6-тармақтары келесі редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.»;
«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе «электрондық үкімет» веб-порталға (бұдан әрі – портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы