Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 28 сентября 2021 года № 11-4/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Зайсанском районе»

Өзге акт · № 24-3 · қабылданған 18.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2021-no-11-44-ekb-173356/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 28 сентября 2021 года № 11-4/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Зайсанском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 24-3 ·18.10.2022
18.10.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 28 сентября 2021 года № 11-4/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Зайсанском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 24-3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 28 сентября 2021 года № 11-4/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Зайсанском районе»
Атауы (қаз.)
Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24-3
Қабылданған күні
18.10.2022
Көрсетілген редакция
18.10.2022 173356_653248.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22VK030365
ЭКБ идентификаторы
173356
Редакция идентификаторы
173356_653248
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:22

0 Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Зайсан аудандық мәслихатының «Зайсан ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №11-4/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24653 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілген:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар қатарынан үйде оқытуға жұмсаған шағындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

Зайсан аудандық мәслихатының
2022 жылғы 18 қазандағы
№ 24-3 шешіміне
қосымша
Зайсан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 11-4/4 шешіміне
қосымша
Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар қатарынан үйде оқытуға жұмсаған шағындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

1

1. Осы Зайсан ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

2

2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3.Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкілдеріне беріледі.

4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

5

5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

6 6. Оқытуға арналған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшана сәйкес ұсынылады, бұл ретте кандастармен жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

7 7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу мөлшері, жеке оқыту жоспары бойынша оқу жылы ішінде ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға төрт айлық есептік көрсеткішке тең.

8 8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Қолданыстағы