О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 28 сентября 2021 года № 11-4/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Зайсанском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Зайсанского районного маслихата от 28 сентября 2021 года № 11-4/4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Зайсанском районе»
- Атауы (қаз.)
- Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/6-VIII
- Қабылданған күні
- 28.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2024 200398_718216.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VK907316
- ЭКБ идентификаторы
- 200398
- Редакция идентификаторы
- 200398_718216
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:54
0 Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 11-4/4 «Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 11-4/4«Зайсан ауданында мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24653 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Зайсан ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
6 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.».