О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 28 декабря 2021 года № 14/8–VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Шемонаихинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шемонаихинского районного маслихата от 28 декабря 2021 года № 14/8–VII «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Шемонаихинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/8–VII «Шемонаиха ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5/3-VIII
- Қабылданған күні
- 28.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2023 184648_645626.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23VS889216
- ЭКБ идентификаторы
- 184648
- Редакция идентификаторы
- 184648_645626
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:38
0 Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/8–VII «Шемонаиха ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/8-VII «Шемонаиха ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26392 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шемонаиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.».