О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 277 «О некоторых вопросах специальной экономической зоны «Сарыарқа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 277 «О некоторых вопросах специальной экономической зоны «Сарыарқа»
- Атауы (қаз.)
- «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 277 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 641
- Қабылданған күні
- 18.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2025 213348_771126.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2500000641
- ЭКБ идентификаторы
- 213348
- Редакция идентификаторы
- 213348_771126
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:44
0 «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі № 277 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 277 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Қарағанды облысының аумағында Қарағанды қаласының және Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы «Сары-Арқа» әуежайын қоса алғанда, 1271,626 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
«Сарыарқа»
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары
Р/с
№
Аймақтардың атауы:
Ауданы, гектар
1.
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы
898,97
2.
«Кремний алқабы» № 1 қосалқы аймағы
60,11
3.
«Сары-Арқа» әуежайы» № 2 қосалқы аймағы
312,5460
Жиыны:
1271,626
____________________
2 «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 277 қаулысымен
бекітілген
«Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының
нысаналы индикаторлары
Р/с
№
Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер
(атауы)
Өлшем бірлігі*
Базалық кезең (2024 жыл)
2030 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикатор
2035 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикатор
2036 жылға қарай қол жеткізілетін нысаналы индикатор
1
2
3
4
5
6
7
1
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд
теңге
198,3
564,1
633,1
677,2
1.1.
шетелдік инвестициялар көлемі
млрд теңге
41,1
84,9
130,4
144,5
1.2.
отандық инвестициялар көлемі
млрд теңге
157,2
479,2
502,7
532,7
1
2
3
4
5
6
7
2
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер (жұмыстар) өндірісінің көлемі
млрд теңге
230,9
1168,8
1386,9
1552,2
3
Қатысушылардың саны
компаниялар
25
31
37
39
4
Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлғалардың саны
адам
35
65
75
85
5
Жұмыс орындарының саны
адам
1208
3672
4200
4500
6
Өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі
%
55
60
65
70
* - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
____________________