Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 407 «Об утверждении Правил применения электронного таможенного сопровождения транспортных средств, а также взаимодействия органов государственных доходов, декларанта, национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок и перевозчика при электронном таможенном сопровождении транспортных средств»

Бұйрық · № 487 · қабылданған 26.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2021-no-407/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 407 «Об утверждении Правил применения электронного таможенного сопровождения транспортных средств, а также взаимодействия органов государственных доходов, декларанта, национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок и перевозчика при электронном таможенном сопровождении транспортных средств» Қолданыста Бұйрық ·№ 487 ·26.07.2024
26.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 407 «Об утверждении Правил применения электронного таможенного сопровождения транспортных средств, а также взаимодействия органов государственных доходов, декларанта, национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок и перевозчика при электронном таможенном сопровождении транспортных средств»

Қолданыста Бұйрық ·№ 487 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 апреля 2021 года № 407 «Об утверждении Правил применения электронного таможенного сопровождения транспортных средств, а также взаимодействия органов государственных доходов, декларанта, национального оператора информационной системы отслеживания международных автомобильных перевозок и перевозчика при электронном таможенном сопровождении транспортных средств»
Атауы (қаз.)
«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
487
Қабылданған күні
26.07.2024
Көрсетілген редакция
26.07.2024 199212_713771.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034827
ЭКБ идентификаторы
199212
Редакция идентификаторы
199212_713771
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:22

0

«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22649 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау, тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау, тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау, тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру қағидалары»;
1 және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру кезінде өзара іс-қимыл жасау, тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 437-бабы 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-2-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы Қағидалар кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын электрондық кедендік алып қолдану, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл, тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру байланыс арналары бойынша сигнал беру арқылы көлік құралының орналасқан жерін және навигациялық пломбаның тұтастығын анықтауға мүмкіндік беретін спутниктік навигация жүйесінің техникалық жабдығы орнатылған көлік құралының кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес өткізілуін қадағалау арқылы тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы жүзеге асырады.
Ұлттық операторды Заңның 6-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық оператор автоматтандырылған жұмыс орындарын орнату арқылы мемлекеттік кірістер органдарына тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесіне рұқсат береді»;
3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ұлттық операторы) – навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалауды қамтамасыз ететін заңды тұлға;»;
4 және 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық оператор Заңның 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тасымалдаушыларға навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, электрондық кедендік алып жүруді жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынады.
5. Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүру туралы шешімді Кодекстің 437-бабының 2-тармағына сәйкес өткізілетін тауарларға қатысты тәуекелдерді басқару жүйесі айқындайтын жағдайларда тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасайтын мемлекеттік кірістер органының басшысы қабылдайды.
Мемлекеттік кірістер органы көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, Кодекстің 437-бабының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органы декларантқа, тасымалдаушыға және тасымалдарды қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторына осындай шешім қабылданғаны туралы хабарлайды және осындай шешім қабылданған кезден бастап 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірмей көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді ұйымдастырады.;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ұлттық оператор тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің жұмысын тұрақты негізде тәулігіне жиырма төрт сағат бойы, аптасына жеті күн қамтамасыз ету жолымен, жөнелтуші кеден органынан межелі кеден органына дейінгі барлық жүру жолында ілесіп жүретін көлік құралын қадағалауды қамтамасыз етеді.
Көлік құралдарын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру процесінде штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде ұлттық оператор штаттан тыс жағдай туындағаннан кейін бір сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде жөнелтуші және межелі кеден органының уәкілетті лауазымды адамдарын хабардар етеді.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының, декларанттың, халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау ақпараттық жүйесінің ұлттық операторының және тасымалдаушының электрондық кедендік алып жүру кезіндегі өзара іс-қимыл жасау, тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы мен кеден ісі саласындағы уәкілетті орган арасындағы навигациялық пломбаларды пайдаланып тасымалдарды қадағалау кезіндегі өзара іс-қимылды (ақпараттық іс-қимылды қоса алғанда) жүзеге асыру тәртібі».
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ұлттық тасымалдаушы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарлардың декларантымен және тасымалдаушымен өзара іс-қимыл жасайды.
Осындай өзара іс-қимыл шеңберінде ұлттық оператор:
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарлардың декларантымен және тасымалдаушымен навигациялық пломбаларды қолдана отырып, көлік құралын электрондық кедендік алып жүруді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасады;
2) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінің жұмысын тұрақты негізде тәулігіне жиырма төрт сағат бойы, аптасына жеті күн қамтамасыз етеді;
3) тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесінде мәліметтер мен ақпараттың бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Көрсетілген сақтау мерзімі Заңның 6-2-бабына сәйкес тасымалдарды қадағалау кезінде пайдаланылған навигациялық пломба істен шығарылған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы