О внесении изменений в решение маслихата от 28 октября 2021 года № 64 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 28 октября 2021 года № 64 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 15.10.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.10.2024 201859_724378.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NC102931
- ЭКБ идентификаторы
- 201859
- Редакция идентификаторы
- 201859_724378
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:11
0 Мәслихаттың 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 28 қазандағы № 64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 25047 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы уәкілетті органға осы шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу мөлшері ай сайын оқу жылы ішінде әр мүгедектігі бар балаға сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.».