Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года № 7/13-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Алтай района Алтай на 2022-2023 годы»

Өзге акт · № 23/4 -VII · қабылданған 21.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2021-no-713-vii-2022-2023/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года № 7/13-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Алтай района Алтай на 2022-2023 годы» Қолданыста Өзге акт ·№ 23/4 -VII ·21.10.2022
21.10.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года № 7/13-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Алтай района Алтай на 2022-2023 годы»

Қолданыста Өзге акт ·№ 23/4 -VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года № 7/13-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Алтай района Алтай на 2022-2023 годы»
Атауы (қаз.)
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/13-VII «Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23/4 -VII
Қабылданған күні
21.10.2022
Көрсетілген редакция
21.10.2022 174366_604499.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VL00234M
ЭКБ идентификаторы
174366
Редакция идентификаторы
174366_604499
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:19

0 Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/13-VII «Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/13-VII «Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

2 Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3 Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары

Алтай ауданының мәслихатының
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 23/4-VII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары
Осы Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі- Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленеді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) (1–қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары (2–қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3–қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы (4–қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы (5–қосымша);
6) Алтай қаласының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы (6–қосымша);
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі (7–қосымша).
7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы (7-1- қосымша) құрайды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Алтай қаласы аумағының жалпы ауданы 3891 га, соның ішінде: егістіктер – 553 га, жайылымдық жерлер – 909 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Алтай қаласының аумағы таулы-шалғынды-дала аймағында орналасқан. Аймақтың климаты жылдық және тәуліктік ауа температурасының күрт ауытқуымен күрт континенталды. Қатты аязды суық қыс ыстық жазымен ауысады. Ауаның жылдық орташа температурасы – 0,6 градус. Жауын-шашын жылына орта есеппен 450-550 мм құрайды, олардың ең көп саны шілдеге келеді. Алтай қаласының аумағында ветеринарлық пункт, малды жасанды ұрықтандыру пункті, мал қорымы бар.
2021 жылдың 1 қаңтарына Алтай қаласында ірі қара мал 826 бас, соның ішінде аналық (сауынды) мал басы 559 бас, ұсақ мал басы 772, жылқылар басы 111 есептеледі (№ 1 кесте).
Алтай қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер
№ 1 кесте

Ел­ді ме­кен
дер
Ха­лық
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лым­да­ры
Бар­лы­ғы:
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со
ның ішін
де са­уын­ды
1
Ал­тай қа­ла­сы
806
539
772
110
20
20
0
1
826
559
772
111
Алтай қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін барлығы 909 га бар.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес елді мекендердің қолда бар жайылымдық жерлеріндегі Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша Алтай қаласының жергілікті халқының мұқтажы үшін 909 га мөлшерінде қажеттілік 1617 га құрайды (№2 кесте).
№ 2 кесте

Ел­ді
ме­кен
дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар
дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Ал­тай қа­ла­сы
909
539
3
1617
708
0
Алтай қаласының жергілікті халқының малын жаю үшін 9 табын ұйымдастырылған: 3 табын қаланың батыс бөлігінде, 2 табын қаланың солтүстік бөлігінде, 1 табын шығысында, 2 табын қаланың оңтүстігінде және 1 табын оңтүстік-батыс бөлігінде.
Қалыптасқан 708 га мөлшеріндегі жайылымдық алаптар қажеттілігін Парыгино ауылдық округінің қордағы жерлеріндегі 70 га жайылымдар, Соловьево ауылдық округінің қордағы жерлеріндегі 90 га жайылымдар, Чапаево ауылдық округінің қордағы жерлеріндегі 30 га жайылымдар, мал өткелінің жерлеріндегі 300 га және «Опытное хозяйство масличных культур плюс» ЖШС тиесілі 218 га жерлердегі ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымы есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті халықтың басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын мал басына түсетін жүктеме нормасы кезінде жаю: ірі қара мал – 3 га, ұсақ мал – 0,5 га, жылқы – 5 га, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шалғайдағы жайылымдарында жүргізіледі (№3 кесте).
№ 3 кесте

Елді
мекендер
Халық
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
ұсақ мал
жыл
қылар
ірі қара мал
ұсақ мал
жыл
қылар
ірі қара мал
ұсақ мал
жыл
қылар
барлығы (га)
1
Алтай қаласы
267
772
110
3
0,5
5
801
386
550
1737
1737 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптарға қалыптасқан қажеттілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Алтай қаласының жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі- ЖШС), шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 20 бас, жылқылар 1 бас.
ЖШС жайылымдарының ауданы 159 га құрайды (№ 4 кесте).
№ 4 кесте

Жер пай­да­ла­ну­шы­лар
Ауда­ны (га)
Тү­рі бой­ын­ша мал­дың ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл
қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл
қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл
қы
лар
Бар­лы
ғы (га)
1
«СВиК» ЖШС
159
20
0
1
3
0,5
5
60
0
5
65

4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Алтай қаласы бойынша аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Шарты белгілері:

5 Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 2- қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Бір табын үшін төрт танапты жайылым айналымының схемасы (табындар)
жыл
учаскелер
1
2
3
4
2022
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
2023
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
(К-Ж-К)
(К-Ж-К) көктем- жаз- күз

6 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 3- қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Шартты белгілері:

7 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 4- қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Шартты белгілері

8 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 5- қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Шартты белгілері:

9 Алтай қаласының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 6- қосымша
Алтай қаласының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Шартты белгілері:

10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 7- қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Елді мекен
Шалғайдағы жайылымдарға жануарларды айдау мерзімі
Шалғайдағы жайылымдардан жануарларды қайтару мерзімі
Алтай қаласы
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

11 Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

Алтай ауданының Алтай қаласы
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға арналған
жоспарына 7-1- қосымша
Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы