Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года №7/17-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Парыгинскому сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы»

Өзге акт · № 23/8-VII · қабылданған 21.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2021-no717-vii-2022-2023/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года №7/17-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Парыгинскому сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы» Қолданыста Өзге акт ·№ 23/8-VII ·21.10.2022
21.10.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года №7/17-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Парыгинскому сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы»

Қолданыста Өзге акт ·№ 23/8-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 28 сентября 2021 года №7/17-VII «Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Парыгинскому сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы»
Атауы (қаз.)
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/17-VII «Алтай ауданының Парыгино ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
23/8-VII
Қабылданған күні
21.10.2022
Көрсетілген редакция
21.10.2022 182440_635103.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VL00238M
ЭКБ идентификаторы
182440
Редакция идентификаторы
182440_635103
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:20

0 Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/17-VII «Алтай ауданының Парыгино ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Алтай ауданының мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 7/17-VII «Алтай ауданының Парыгино ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
Алтай ауданының Парыгино ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Алтай ауданының Парыгино ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары

Алтай ауданының мәслихатының
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 23/8-VII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының Парыгино ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары
Осы Алтай ауданының Парыгино ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі- Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөп қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үрдісін болдырмау мақсатында қабылданады.
Жоспар:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Парыгино ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);
6) Парыгино ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті (7-қосымша);
7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны құрайды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер,олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Парыгино ауылдық округінде әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша 4 елді мекен бар.
Парыгино ауылдық округі аумағының жалпы көлемі 18519 га, соның ішінде егістіктер – 4858 га, жайылымдық жерлер – 8628 га.
Санаттар бойынша жер мыналарға бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 10370 га;
елді мекендер жерлері – 4352 га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі қажеттілігі үшін, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер – 80 га;
босалқы жерлер - 3717 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Парыгино ауылдық округінің аумағы таулы-шалғынды-дала егіншілік аймағына жатады. Климаты ылғалды, орташа жылы. Жыл ішінде орташа 560-615 мм жауын-шашын түседі. Шілде айында олардың мөлшері көп болып келеді.
Топырағы негізінен сілтісізденген және таулы далалы қара топырақ.
Парыгино ауылдық округінің аумағында ветеринарлық пункт және мал қорымы бар.
2021 жылғы 1 қаңтарға Парыгино ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа қожалықтарының мал басы) ірі қара мал 1570 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 883 бас, ұсақ мал 722 бас, жылқы 319 бас болып есептеледі (№1 кесте) оның ішінде:
Зубовск кентінде:
ірі қара мал 449 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 337 бас, ұсақ мал 374 бас, жылқылар – 103 бас.
Жайылымдар ауданы 1260 гектар құрайды.
Парыгино ауылында:
ірі қара мал 816 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 382 бас, ұсақ мал 324 бас, жылқылар – 182 бас.
Жайылымдар ауданы 1840 гектар құрайды.
Баяновск ауылында:
ірі қара мал 264 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 142 бас, ұсақ мал 20 бас, жылқылар – 12 бас.
Жайылымдар ауданы 562 гектар құрайды.
Кутиха ауылында:
ірі қара мал 41 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 22 бас, ұсақ мал 4 бас, жылқылар – 22 бас.
Жайылымдар ауданы 900 гектар құрайды.
Парыгино ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер
№ 1 кесте

Ел­ді ме­кен
дер
Ха­лық
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лым­да­ры
Бар­лы­ғы:
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы
лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уын­ды
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уын­ды
бар­лы­ғы
оның ішін­де са­уын­ды
1
Зу­бовск кен­ті
188
107
374
103
261
230
0
0
449
337
374
103
2
Па­ры­ги­но ауы­лы
374
174
277
42
442
208
47
140
816
382
324
182
3
Ку­ти­ха ауы­лы
41
22
4
22
0
0
0
0
41
22
4
22
4
Ба­я­новск ауы­лы
61
31
20
5
203
111
0
7
264
142
20
12
Жал­пы:
664
334
675
172
906
549
47
147
1570
883
722
319
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Парыгино ауылдық округі бойынша барлығы 8628 га жайылымдық жерлер бар, елді мекендер шегінде 4562 га жайылымдар бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес елді мекендердің қолда бар жайылымдық алқаптары кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың мұқтажы үшін (Зубовск кенті, Парыгино ауылы, Баяновск ауылы, Кутиха ауылы) 4562 га мөлшерінде қажеттілік 1002 га құрайды (№2 кесте).
№ 2 кесте

Ел­ді­ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Зу­бовск кен­ті
1260
107
3
321
-
939
2
Па­ры­ги­но ауы­лы
1840
174
3
522
-
1318
3
Ку­ти­ха ауы­лы
900
22
3
66
-
834
4
Ба­я­новск ауы­лы
562
31
3
93
-
469
Бар­лы­ғы
4562
334
1002
0
3560
Жергілікті халықтың басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымы ірі қара мал басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 3 га, ұсақ мал – 0,5 га, жылқылар – 5 га, сонымен қатар елді мекендер шегінде жүргізіледі (№ 3 кесте).
№ 3 кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
Жал­пы (га)
1
Зу­бовск кен­ті
81
374
103
3
0,5
5
243
187
515
945
2
Па­ры­ги­но ауы­лы
200
277
42
3
0,5
5
600
139
210
949
3
Ку­ти­ха ауы­лы
19
4
22
3
0,5
5
57
2
110
169
4
Ба­я­новск ауы­лы
30
20
5
3
0,5
5
90
10
25
125
Бар­лы­ғы
330
675
172
990
338
860
2188
Зубовск кентінің жергілікті халқының малын жаю үшін 3 табын: 1– табын – Зубовск ауылынан солтүстігіне қарай, суат – Бұқтырма өзені; 2– табын – Зубовск кентінен шығысқа қарай, суат – Березовка өзені; 3– табын – Зубовск кентінен оңтүстікке қарай, суат– Урунхайка өзені, бұлақтар.
Парыгино ауылы халқының малын жаю үшін 4 табын ұйымдастырылған: 1– табын – Мяконькая тауының аумағы, суат – Тұрғысын өзенінің саласы; 2– табын – Парыгино ауылынан 1,6 км, суат – Бұқтырма өзенінің саласы; 3– табын – Парыгино ауылынан 1 км, суат – Бұқтырма өзенінің саласы; 4– табын – Чушка тауының аумағы, суат – Погорелка өзені;
Баяновск ауылы халқының малын жаю үшін 1 табын ұйымдастырылған: Баяновск ауылынан батысқа қарай 1 км, суат – Бұқтырма өзенінің саласы;
Кутиха ауылы халқының малын жаю үшін 1 табын ұйымдастырылған: Кутиха ауылынан оңтүстікке қарай 0,5 км, суат –Тұрғысын өзені.
Парыгино ауылдық округінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі - ЖШС), шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 906 бас, ұсақ мал 47 бас, жылқылар 147 бас құрайды.
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 3171 га құрайды (№ 4 кесте).
№ 4 кесте

Жер пай­да­ла­ну­шы­лар
Ауда­ны (га)
Мал­дың бо­луы
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Тү­рі бой­ын­ша, (бас)
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы(га)
1
«Се­реб­ря­ный ключ» ӨК
831
159
0
0
3
0,5
5
477
0
0
477
2
«Во­сток-Ре­корд» ЖШС
103
0
0
0
3
0,5
5
0
0
0
0
3
«Зу­бов­ское»ЖШС
1014
0
0
0
3
0,5
5
0
0
0
0
4
«Зы­бер» ЖШС
266
0
47
9
3
0,5
5
0
24
45
69
5
«Ал­тай Же­рі»ЖШС
134
71
0
15
3
0,5
5
213
0
75
288
6
«Са­ша» ша­руа қо­жа­лы­ғы
190
0
0
105
3
0,5
5
0
0
525
525
7
«Коз­лов А.Г.» ша­руа се­рік­те­стік
186
190
0
2
3
0,5
5
570
0
10
580
8
«Ол­жас» ша­руа қо­жа­лы­ғы
0
105
0
7
3
0,5
5
315
0
35
350
9
«Ро­бул В.М.» ша­руа қо­жа­лы­ғы
27
181
0
9
3
0,5
5
543
0
45
588
10
«Да­ни­яр» жай се­рік­те­стік
81
98
0
0
3
0,5
5
294
0
0
294
11
«СПК»До­ня» өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­ти­ві
0
102
0
0
3
0,5
5
306
0
0
306
Бар­лы­ғы
2832
906
47
147
2412
24
735
3171
Шаруа қожалықтарының жайылымдық алқаптардың қалыптасқан 339 га мөлшеріндегі қажеттілікті елді мекендер жерлеріндегі ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымы есебінен, «Данияр» қарапайым серіктестігінің 213 га мөлшеріндегі жайылымдық алаптардың қажеттілігін «Зыбер» ЖШС берілген жерлерден толықтыру қажет.

2 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Парыгино ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Алтай ауданының
Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
1- қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Парыгино ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

3 Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

Алтай ауданының
Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
2- қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Бір табын үшін төрт танапты ауыспалы жайылымдардың сызбасы
жыл
телімдер
1
2
3
4
2022
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
2023
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
(К-Ж-К)
(К-Ж-К) көктем- жаз-күз

4 Алтай ауданының

Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
3- қосымша

5 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

Алтай ауданының
Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
4- қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

6 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Алтай ауданының
Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
5- қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

7 Парыгино ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Алтай ауданының
Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
6- қосымша
Парыгино ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

8 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Алтай ауданының
Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7- қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Ауылдық округ
Шалғайдағы жайылымдарға жануарларды айдау мерзімі
Шалғайдағы жайылымдардан жануарларды қайтару мерзімі
Парыгино
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

9 Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

Алтай ауданының
Парыгино ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7-1- қосымша
Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

Қолданыстағы