О внесении изменения в решение Мактааральского районного маслихата от 28 сентября 2022 года № 24-164-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Мактааральского районного маслихата от 28 сентября 2022 года № 24-164-VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов»
- Атауы (қаз.)
- Мақтаарал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 24-164-VII «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7-55-VIII
- Қабылданған күні
- 19.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2023 187427_660361.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23UG638013
- ЭКБ идентификаторы
- 187427
- Редакция идентификаторы
- 187427_660361
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:15
0 Мақтаарал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 24-164-VII «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мақтаарал аудандық мәслихатының «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2022 жылғы 28 қыркүйектегі №24-164-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №30022 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2 қосымшасы осы шешім қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
19 қазандағы №7-55-VIII
шешіміне қосымша
Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
28 қыркүйектегі № 24-164-VII
шешіміне 2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
№
Санаттары
1
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3
Толық емес отбасылар
4
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.