Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Шуского районного маслихата от 28 февраля 2022 года № 25-4 «Об утверждении Регламента Шуского районного маслихата»

Өзге акт · № 60-5 · қабылданған 19.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2022-no-25-4-ekb-229156/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Шуского районного маслихата от 28 февраля 2022 года № 25-4 «Об утверждении Регламента Шуского районного маслихата» Күшіне енбеген 19.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение Шуского районного маслихата от 28 февраля 2022 года № 25-4 «Об утверждении Регламента Шуского районного маслихата»

Күшіне енбеген Өзге акт № 60-5 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Шуского районного маслихата от 28 февраля 2022 года № 25-4 «Об утверждении Регламента Шуского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Шу аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
60-5
Қабылданған күні
19.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
05.09.2026
Көрсетілген редакция
19.08.2026 I229156_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26GK00605M
ЭКБ идентификаторы
229156
Редакция идентификаторы
I229156_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
26.08.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шу аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 25-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 306-VIII Заңдарына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Шу аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 25-4 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Аталған шешіммен бекітілген Шу аудандық мәслихатының регламентіндегі:
10 – тармақтың үшінші абзацындағы «бес» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
46 – тармақтағы «мәслихаттың сессиясында кезекті шақырылымның бүкіл мерзіміне айқындалатын» деген сөздер алынып тасталынсын;
48 – тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады»;
Мәслихат регламенті мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын:
«10 – тарау. Мәслихат аппараты басшысының құзыреті.
78. Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады».

2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.