О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 января 2022 года № 26 «Об утверждении Методики расчета эмиссий тяжелых металлов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 28 января 2022 года № 26 «Об утверждении Методики расчета эмиссий тяжелых металлов»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 26 «Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 273
- Қабылданған күні
- 05.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2023 186974_659897.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033521
- ЭКБ идентификаторы
- 186974
- Редакция идентификаторы
- 186974_659897
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:29
0 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 26 «Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26697 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 22-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыр металдар эмиссиясын есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауыр металдар эмиссияларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі