О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 28 января 2022 года № 30 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 28 января 2022 года № 30 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 555
- Қабылданған күні
- 14.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2022 175587_607364.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22N000555A
- ЭКБ идентификаторы
- 175587
- Редакция идентификаторы
- 175587_607364
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:00
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақтың 8) және 9) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«8) облыста елішілік құндылықты дамытуға жәрдемдесу;
9) мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы облыстың елішілік құндылық үлесі бойынша жағдайды талдау;»;
15-тармақта:
12) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«12) бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады;»;
21) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«21) уәкілетті органға одан әрі ақпарат бере отырып, мемлекеттік сектордың сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесінің мониторингін жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардан елішілік құндылық бойынша ақпарат жинауға жәрдем көрсетеді;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарландыруын;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;