О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 28 января 2022 года № 30 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Костанайской области от 28 января 2022 года № 30 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития акимата Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 06.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2025 210008_756436.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25N000121A
- ЭКБ идентификаторы
- 210008
- Редакция идентификаторы
- 210008_756436
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:36
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ келесі мазмұндағы 26-14), 26-15) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-14) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында, өндірістік және қайта өңдеу саласында іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру бөлігінде қызметті жүзеге асырады;
26-15) жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеуді ұйымдастырады;».
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;