Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Майского района от 28 февраля 2022 года № 34/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Майского района»»

Қаулы · № 69/4 · қабылданған 03.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2022-no-342-ekb-179471/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Майского района от 28 февраля 2022 года № 34/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Майского района»» Қолданыста Қаулы ·№ 69/4 ·03.04.2023
03.04.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Майского района от 28 февраля 2022 года № 34/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Майского района»»

Қолданыста Қаулы ·№ 69/4 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Майского района от 28 февраля 2022 года № 34/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Майского района»»
Атауы (қаз.)
Май ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 34/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69/4
Қабылданған күні
03.04.2023
Көрсетілген редакция
03.04.2023 179471_623618.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23PJ00694A
ЭКБ идентификаторы
179471
Редакция идентификаторы
179471_623618
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:02

0 Май ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 34/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Май ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 34/2 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

Ереженің 20 тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
35) электрондық және баспа БАҚ, әлеуметтік желілер үшін хабарламалар жасауды және таратуды реттейді және үйлестіреді;
баспасөз үшін іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді (баспасөз конференциялары, брифингтер, сұхбаттар, тікелей эфирлер және т. б.); онлайн-ортада кері байланысты қалыптастыру және қадағалау, ақпараттық өрістің мониторингі;
PR–науқандарды және түрлі іс-шаралар түрлерін кешенді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; әлеуметтік желілердегі аккаунттарды модерациялауды, сондай-ақ мемлекеттік органды интернетте брендтеуді жүзеге асыру;
теріс және дағдарысты жарияланымдарға ақпараттық ден қою жөнінде жедел шешім қабылдай отырып, мемлекеттік органдардың аккаунтында да, белгілі жұртшылықта да түсініктеме жұмысын енгізуді қамтамасыз етеді;
Instagram және Facebook аккаунттарының, аудан әкімінің ресми веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларының мәтіндеріне мемлекеттік тілде сараптамалар мен редакциялауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
аудан әкімінің баяндамаларын, сөз сөйлеулерін, құттықтау мәтіндерін мемлекеттік тілде дайындауды және редакциялауды қамтамасыз етеді;
аудан әкімінің марапаттарын дайындауды, шығаруды қамтамасыз етеді (құрмет грамотасы, алғыс хат және т. б.);
36) кәмелетке толмағандарға білім бөлімімен және уәкілетті органдармен бірлесіп олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға және қорғауға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
мемлекеттің көмегіне мұқтаж және өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды қолдау туралы ұсыныстарды қорғаншылық және қамқоршылық органдарына енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
білім бөлімімен және уәкілетті органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандарды дене және психикалық зорлық-зомбылықтан, кемсітушіліктің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де қанаудан қорғауды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды білім бөлімімен және уәкілетті органдармен бірлесіп қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартуды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
білім бөлімімен және уәкілетті органдармен бірлесіп қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс белгілері бар қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер фактілері бойынша материалдарды қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыстарының, құқық бұзушылықтарының және қадағалаусыз қалуының алдын алумен айналысатын тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттілігі туралы өзге де ақпарат органдарына жолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында істерді қарауға материалдар дайындауды ұйымдастырады;
басшылықтың келісімі бойынша ішкі істер, білім беру органдарының өкілдерімен, мектеп әкімшісімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың отбасы тұратын жерге барып рейдтерге, іс-шараларға қатысуды ұйымдастырады;
37) әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша;
аудандық ауқымдағы өрттердің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендердегі өрттердің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ қабаттасқан пункттерде өрт сөндіру бекеттерінің қызметін қамтамасыз етуді және материалдық-техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру;
ауданның өрт сөндіру бекеттерінің қызметін қамтамасыз етеді және бақылайды;
38) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, ауданның атқарушы органдарының, ауыл және ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
39) негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысына бухгалтерлік есеп жүргізуді, көрсетілген қызметтер үшін өнім берушілермен есеп айырысуды, қаржылық тәртіптің сақталуын және ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді және бақылайды;
заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдары мен басқа да төлемдерді, қызметкерлердің жалақысын есептеу және аудару өндірісін бақылайды;
бюджеттік өтінімді, стратегиялық және операциялық жоспарды әзірлеуді қамтамасыз етеді және бақылайды;
40) аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандыру деңгейін арттыру және «Ашық үкімет» инфрақұрылымын дамыту;
халықты тіркеуге және енгізілген деректерді бақылайтын органдар берген мәліметтер негізінде сайлаушылар тізімін жасайды;
барлық деңгейдегі сайлауға, республикалық референдумға дайындық пен өткізуді қамтамасыз етеді;
сайлау учаскелерінің шекараларына өзгерістер енгізе отырып, сайлау учаскелерінің электоралды паспорттарын, сайлау учаскелерінің шекараларын нақтылауды және түзетуді қамтамасыз етеді;
облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарларының, облыс аппараты басшысының төрағалығымен қалалар мен аудандар әкімдерінің қатысуымен аппараттық және басқа да жиналыстар өткізу кезінде ақпарат жинауды, өңдеуді және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
облыс әкімінің және орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзге де тұлғаларының қатысуымен көшпелі кездесулер мен жұмыс сапарлары кезінде ақпарат жинауды, өңдеуді, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы