Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Зайсанского района от 28 июля 2022 года № 438 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Зайсанскому району»

Қаулы · № 173 · қабылданған 15.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2022-no-438-ekb-194578/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Зайсанского района от 28 июля 2022 года № 438 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Зайсанскому району» Қолданыста Қаулы ·№ 173 ·15.03.2024
15.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Зайсанского района от 28 июля 2022 года № 438 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Зайсанскому району»

Қолданыста Қаулы ·№ 173 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Зайсанского района от 28 июля 2022 года № 438 «Об утверждении Правил организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Зайсанскому району»
Атауы (қаз.)
«Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
173
Қабылданған күні
15.03.2024
Көрсетілген редакция
15.03.2024 194578_689390.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24VK897316
ЭКБ идентификаторы
194578
Редакция идентификаторы
194578_689390
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:35

0 «Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге

бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін,
шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын
бекіту туралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы
28 шілдедегі № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 438 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақта:
2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жиналыс пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының көпшілігінің келісімімен шешім қабылдайды.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Зайсан ауданының әкімінің орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы