О внесении изменения в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 февраля 2022 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 февраля 2022 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 297
- Қабылданған күні
- 18.11.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 18.11.2024 202960_737076.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24SE00297A
- ЭКБ идентификаторы
- 202960
- Редакция идентификаторы
- 202960_737076
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:38
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларының 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және ұялы байланыс операторларының меншігі болып табылатын телекоммуникациялық жабдықтан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);».