Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 февраля 2022 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»

Қаулы · № 212 · қабылданған 21.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2022-no-51-ekb-229203/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 февраля 2022 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 февраля 2022 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы № 212 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 февраля 2022 года № 51 «Об утверждении Правил предоставления коммунальных услуг по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
212
Қабылданған күні
21.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
04.09.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 229203_836084.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26SE00212A
ЭКБ идентификаторы
229203
Редакция идентификаторы
229203_836084
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:08
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент (тұтынушы) болған жағдайларда энергетикалық желiлердiң, сондай-ақ энергия тұтынуды есептейтiн аспаптардың тиiстi техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мiндетi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымға жүктеледi.»;
36-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Осы Қағидаларда реттелмеген коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі».

2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.