Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2022 года № 61 «Об утверждении типового положения об областных ономастических комиссиях и ономастических комиссиях городов республиканского значения, столицы»

Бұйрық · № 234 · қабылданған 25.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2022-no-61-ekb-185646/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2022 года № 61 «Об утверждении типового положения об областных ономастических комиссиях и ономастических комиссиях городов республиканского значения, столицы» Қолданыста Бұйрық ·№ 234 ·25.08.2023
25.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2022 года № 61 «Об утверждении типового положения об областных ономастических комиссиях и ономастических комиссиях городов республиканского значения, столицы»

Қолданыста Бұйрық ·№ 234 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 28 февраля 2022 года № 61 «Об утверждении типового положения об областных ономастических комиссиях и ономастических комиссиях городов республиканского значения, столицы»
Атауы (қаз.)
«Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
234
Қабылданған күні
25.08.2023
Көрсетілген редакция
25.08.2023 185646_651358.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033352
ЭКБ идентификаторы
185646
Редакция идентификаторы
185646_651358
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:06

0 «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26986 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгілік ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
1) облыстық ономастика комиссиялары:
ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту бойынша қорытындылар береді;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді;
2) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары:
Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін – қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комиссияның жұмыс органы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларын отырыс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Республикалық ономастика комиссиясына келісу үшін жібереді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Комиссияның жұмыс органы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларын Республикалық ономастика комиссиясынан келісім алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы