О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 28 сентября 2023 года № 14 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 28 сентября 2023 года № 14 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 427
- Қабылданған күні
- 28.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 13.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2026 I229450_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26IS000427
- ЭКБ идентификаторы
- 229450
- Редакция идентификаторы
- I229450_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.09.2026 03:31
0 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №14 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Комитет төрағасының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.».
19-тармақтың 7), 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын, Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымдарға тағайындайды және лауазымдардан босатады;
8) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерінің, аумақтық органдар (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының іссапарға жіберілуі, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
9) Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелердің (астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) басшыларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;»;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;