Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 апреля 2023 года № 169/НҚ «Об утверждении Правил лицензирования деятельности по цифровому майнингу»

Бұйрық · № 95/НҚ · қабылданған 27.02.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2023-no-169/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 апреля 2023 года № 169/НҚ «Об утверждении Правил лицензирования деятельности по цифровому майнингу» Қолданыста Бұйрық ·№ 95/НҚ ·27.02.2024
27.02.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 апреля 2023 года № 169/НҚ «Об утверждении Правил лицензирования деятельности по цифровому майнингу»

Қолданыста Бұйрық ·№ 95/НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 апреля 2023 года № 169/НҚ «Об утверждении Правил лицензирования деятельности по цифровому майнингу»
Атауы (қаз.)
«Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
95/НҚ
Қабылданған күні
27.02.2024
Көрсетілген редакция
27.02.2024 193869_688021.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034091
ЭКБ идентификаторы
193869
Редакция идентификаторы
193869_688021
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:58

0 «Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32431 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 13 (он үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығымен бекітілген Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32416 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33 және 34-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
«18-1. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру Заңның 9-бабында және Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс»;

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Қолданыстағы