О внесении изменения в решение Жарминского районного маслихата от 28 апреля 2023 года № 2/16-VIII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жарминскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жарминского районного маслихата от 28 апреля 2023 года № 2/16-VIII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Жарминскому району»
- Атауы (қаз.)
- Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23/432-VIII
- Қабылданған күні
- 28.03.2025
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2026 I208799_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25FH043118
- ЭКБ идентификаторы
- 208799
- Редакция идентификаторы
- I208799_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:23
0 Жарма аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының «Жарма ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/16-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78-18 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
Жарма аудандық мәслихатының
2025 жылғы 28 наурыздағы
№ 23/432-VIII Шешіміне
қосымшасы
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
9) қандастар;
10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
13) толық емес отбасылар;
14) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады.