Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»

Қаулы · № 293 · қабылданған 28.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2023-no-46/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда» Қолданыста Қаулы ·№ 293 ·28.12.2023
28.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»

Қолданыста Қаулы ·№ 293 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»
Атауы (қаз.)
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
293
Қабылданған күні
28.12.2023
Қолданысқа енгізілген күні
20.01.2024
Көрсетілген редакция
28.12.2023 191782_681989.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23G0005144
ЭКБ идентификаторы
191782
Редакция идентификаторы
191782_681989
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:49

0 «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін.».

2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы