Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»

Қаулы · № 293 · қабылданған 28.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2023-no-46/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда» Қолданыста Қаулы ·№ 293 ·28.12.2023
28.12.2023 редакциясы
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»

Қолданыста Қаулы ·№ 293 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 28 марта 2023 года № 46 «О запрещении пребывания физических лиц на территории государственного лесного фонда»
Атауы (қаз.)
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
293
Қабылданған күні
28.12.2023
Қолданысқа енгізілген күні
20.01.2024
Көрсетілген редакция
28.12.2023 191782_681989.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23G0005144
ЭКБ идентификаторы
191782
Редакция идентификаторы
191782_681989
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:49

0 «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 46 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу және орман пайдалану құқығын шектеу туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектелсін.».

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы