Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»

Ереже · № 8С-34/3 · қабылданған 27.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2023-no-8-134-ekb-210926/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района» Қолданыста Ереже ·№ 8С-34/3 ·27.05.2025
27.05.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»

Қолданыста Ереже ·№ 8С-34/3 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
Атауы (қаз.)
Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8С-34/3
Қабылданған күні
27.05.2025
Көрсетілген редакция
27.05.2025 210926_760112.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25BK895503
ЭКБ идентификаторы
210926
Редакция идентификаторы
210926_760112
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:12

0 Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8680-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

5 «5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.»;

10-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

7 «7) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

11 «11. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістері есепке алынбай көрсетіледі:

дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған, балалардың ата - аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, бірақ босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедектігі бар балаларға және мүгедектігі бар баланы ертіп жүретін адамға оңалту орталықтарына жол жүруге және кері қайтуға байланысты шығыстарды өтеу үшін оңалту фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттардың негізінде бір рет 50 (елу) пайыз мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың құнын өтеуге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

12 «12. Әлеуметтік көмек туберкулез ауруы бар адамдарға өтініш берусіз денсаулық сақтау ұйымының тізімі негізінде кірістері есепке алынбай, ай сайын 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы