Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»

Ереже · № 8С-51/3 · қабылданған 19.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2023-no-8-134-ekb-229211/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района» Күшіне енбеген 19.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»

Күшіне енбеген Ереже № 8С-51/3 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 28 декабря 2023 года № 8С-13/4 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района»
Атауы (қаз.)
Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8С-51/3
Қабылданған күні
19.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
05.09.2026
Көрсетілген редакция
19.08.2026 I229211_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26BK08513M
ЭКБ идентификаторы
229211
Редакция идентификаторы
I229211_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
26.08.2026 03:31
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 05.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Есіл аудандық мәслихатының

2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 8С-13/4 «Есіл ауданының
әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8680-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
6) 1 қазан – Қарттар күні;
7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;
8) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні.»;
10-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмағандарға тұтқындар 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата - анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
10-тармақтың 5), 6), 7),8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне:
саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) 1 қазан – Қарттар күніне:
ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне;
барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне:
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына кірістері есепке алынбай көрсетіледі:
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер шығыстарына ай сайын 3,5 (үш жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 6 -баптарында көрсетілген адамдарға коммуналдық қызметтер шығыстарына ай сайын 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
дүлей апат салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш аспайтын мөлшерінде;
өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) оқиға болған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш аспайтын мөлшерінде;
әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
амбулаториялық емдеудегі белсенді нысандағы туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған, балалардың ата - аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4,5,6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттардың негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде.»;
келесі мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста шектен аспайтын азаматқа (отбасына) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есепік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.»

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.