О внесении изменений в решение Кызылкогинского районного маслихата от 28 сентября 2023 года № 8-3 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кызылкогинского районного маслихата от 28 сентября 2023 года № 8-3 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 18-4
- Қабылданған күні
- 12.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2024 197661_705278.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24TE520406
- ЭКБ идентификаторы
- 197661
- Редакция идентификаторы
- 197661_705278
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:07
0 Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 8-3 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5089-06 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
2 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
2 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қызылқоға ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;»;
2 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;»;
9 тармақтағы «уәкілетті ұйымның» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен ауыстырылсын.