О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 119/18 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Аксу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аксуского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 119/18 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи по городу Аксу»
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы «Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 119/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134/20
- Қабылданған күні
- 28.06.2024
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2024 198341_708128.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24PB756714
- ЭКБ идентификаторы
- 198341
- Редакция идентификаторы
- 198341_708128
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:45
0 Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы «Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 119/18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195211 болып енгізілді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
4
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергілікті өкілді орган белгілеген айырма ретінде және жергілікті өкілді орган белгілеген осы мақсаттарға аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағының екінші абзацы және 7-тармағы алынып тасталсын.