Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Рудненского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»

Өзге акт · № 305 · қабылданған 19.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2024-no-120-ekb-229149/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Рудненского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи» Қолданыста 19.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Рудненского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»

Қолданыста Өзге акт № 305 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Рудненского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 120 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Рудный қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
305
Қабылданған күні
19.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.09.2026
Көрсетілген редакция
19.08.2026 229149_835811.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V26NB039649
ЭКБ идентификаторы
229149
Редакция идентификаторы
229149_835811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:09
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Рудный қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Рудный қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10171-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.»;
1-қосымшадағы тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай немесе оның бөлектері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Рудный қаласында, Қашар, Горняцк кенттерінде, Перцев ауылында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтау жарналарын, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар деңгейі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленген.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері көрсетілетін қызметті берушімен Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептеледі.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігіне орай оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет өткен тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күнінен бастап Қағидаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушылар ұсынған ағымдағы және жинақтау жарналарға арналған ай сайынғы шығыстар туралы шоттар және көрсетілетін қызметті алушыларға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шоттар бойынша көрсетіледі.».

2. «Рудный қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Рудный қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.