О внесении изменения в решение Алгинского районного маслихата от 28 марта 2024 года № 137 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе»
Қолданыста
Өзге акт
·№ 281
·
13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Алгинского районного маслихата от 28 марта 2024 года № 137 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Алгинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 «Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 05.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2025 211306_762490.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25CC036307
- ЭКБ идентификаторы
- 211306
- Редакция идентификаторы
- 211306_762490
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:02
0 Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 «Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Алға аудандық мәслихатының «Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8561-04 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған, Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінде:
9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».