О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июня 2024 года № 40 «Об утверждении правил деятельности независимой экспертной комиссии и минимальных требований по установлению наличия (отсутствия) факта причинения вреда жизни и здоровью пациента в результате осуществления медицинской деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июня 2024 года № 40 «Об утверждении правил деятельности независимой экспертной комиссии и минимальных требований по установлению наличия (отсутствия) факта причинения вреда жизни и здоровью пациента в результате осуществления медицинской деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 24.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2025 211958_770795.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036379
- ЭКБ идентификаторы
- 211958
- Редакция идентификаторы
- 211958_770795
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:44
0
«Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 34656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарда:
6-тармағының бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінен медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өміріне мен денсаулығына зиян келтіру туралы пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінінен жолданымы түскеннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бейінді мамандар мен бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымының өкілдері арасынан денсаулық сақтау субъектісінің басшысының бұйрығымен Комиссия қалыптастырылады.
«Біріңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы денсаулық сақтау субъектісінің сұранысы бойынша Комиссия құрамына сақтандыру ұйымының өкілін жібереді.»;
11 тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссия құрамы тақ саннан тұратын Төраға мен мүшелерден құралады, бұл ретте комиссия құрамына әр бейіннен бір бейінді маманнан кем емес қосылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.