О внесении изменения в решение Зайсанского районного маслихата от 28 августа 2024 года №25/7-VIII «Об утверждении Правил и размера оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Зайсанского районного маслихата от 28 августа 2024 года №25/7-VIII «Об утверждении Правил и размера оказании социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Зайсанского района»
- Атауы (қаз.)
- «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 35/5-VIII
- Қабылданған күні
- 27.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.05.2025 210809_759819.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25VK920516
- ЭКБ идентификаторы
- 210809
- Редакция идентификаторы
- 210809_759819
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:13
0 «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы
№25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»
Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы №25/7-VIII «Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9072-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері
Зайсан аудандық мәслихатының
2025 жылғы 27 мамырдағы
№ 35/5-VIII шешіміне
қосымша/
Зайсан аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 тамыздағы
№25/7-VIII шешіміне
қосымша
Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері
1
1. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2 2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – «Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырады.
3
3. Зайсан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік қолдау, алушылардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер негізінде, ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.