Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Кентауского городского маслихата от 28 марта 2025 года № 178 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 276 · қабылданған 08.05.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/28-2025-no-178/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Кентауского городского маслихата от 28 марта 2025 года № 178 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған 15.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение Кентауского городского маслихата от 28 марта 2025 года № 178 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже № 276 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Кентауского городского маслихата от 28 марта 2025 года № 178 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 178 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
276
Қабылданған күні
08.05.2026
Қолданысқа енгізілген күні
26.05.2026
Көрсетілген редакция
15.07.2026 225079_831817.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26UC00276M
ЭКБ идентификаторы
225079
Редакция идентификаторы
225079_831817
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.08.2026 02:15
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 178 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 178 шешiмiне (Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2025 жылғы 31 наурызда № 6672-13 болып тiркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 8 тармағының:
2) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы»ордендерімен наградталған көп балалы аналарға – 2,5 (екі жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
4) тармақшасының бірінші абзацы алып тасталсын:
8) тармақшасы алып тасталсын:
11) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«11) 25 қазан- Республика күні:
Осы Қағиданың 8-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бала кезінен он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
көрсетілген шешімнің қосымшасының 9 тармағының:
1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген азаматтарға (отбасыларға), әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан, бір рет - 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; ".
3) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын республикалық ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;».
4) тармақшасы алып тасталсын:
5) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«5) Қаржылық көмек түріндегі әлеуметтік көмек: үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаларға ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 9 тармақтың 9) тармақшамен толықтырылсын;
«9) Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы орган айқындайды.».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.