О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 октября 2025 года № 632 «Об утверждении формы сведений, представляемых в орган государственных доходов лицами, осуществляющими пересылку, перевозку, доставку товаров при электронной торговле товарами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 октября 2025 года № 632 «Об утверждении формы сведений, представляемых в орган государственных доходов лицами, осуществляющими пересылку, перевозку, доставку товаров при электронной торговле товарами»
- Атауы (қаз.)
- «Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 599
- Қабылданған күні
- 02.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2026 229731_839594.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039818
- ЭКБ идентификаторы
- 229731
- Редакция идентификаторы
- 229731_839594
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:35
0 «Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 37243 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанына орыс тіліндегі мәтінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы