О внесении изменений в решение акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 января 2026 года № 4 «Об образовании избирательных участков по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 28 января 2026 года № 4 «Об образовании избирательных участков по району имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 25
- Қабылданған күні
- 15.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2026 I229833_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26SE00025B
- ЭКБ идентификаторы
- 229833
- Редакция идентификаторы
- I229833_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:30
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшаның 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. № 371 сайлау учаскесі
сайлау учаскесінің орналасқан орны: Ставрополка ауылы, Школьная көшесі, 202, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ставрополка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты (келісім бойынша);
сайлау учаскесінің шекаралары: Ставрополка ауылы.»;
көрсетілген шешімге қосымшаның 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. № 374 сайлау учаскесі
сайлау учаскесінің орналасқан орны: Володарское ауылы, Школьная көшесі, 6, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Володар орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты (келісім бойынша);
сайлау учаскесінің шекаралары: Володарское ауылы.».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы шешімді Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
аумақтық сайлау комиссиясы