О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 и от 10 мая 1999 года N 556
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 и от 10 мая 1999 года N 556
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1015
- Қабылданған күні
- 01.10.2003
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI17128_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030001015_
- ЭКБ идентификаторы
- 17128
- Редакция идентификаторы
- AI17128_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:55
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы N 556 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуiрдегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
1 1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мұнай өнiмдерiн өндіру";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын:
"26. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
"22. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Мұнай өнiмдерiн өндiру.";