Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894

Қаулы · № 1365 · қабылданған 27.10.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-1995-n-1894-ekb-10224/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 Күшін жойған Қаулы ·№ 1365 ·27.10.2001
07.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894

Күшін жойған Қаулы ·№ 1365 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1365
Қабылданған күні
27.10.2001
Көрсетілген редакция
07.06.2012 AI10224_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001365_
ЭКБ идентификаторы
10224
Редакция идентификаторы
AI10224_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:31

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:

реттік нөмірі 5-жолдағы 3-баған "уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою" деген сөздермен толықтырылсын;

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:

"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлімі мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
"25. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын
жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлімі мынадай мазмұндағы
21-тармақпен толықтырылсын:
"21. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату,
пайдалану және жою.";
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет лицензияланатын
жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІІ бөлімі мынадай мазмұндағы
9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату,
пайдалану және жою.".

2 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы