Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894

Қаулы · № 458 · қабылданған 18.05.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-1995-n-1894-ekb-15382/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 Күшін жойған Қаулы ·№ 458 ·18.05.2003
07.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894

Күшін жойған Қаулы ·№ 458 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
458
Қабылданған күні
18.05.2003
Көрсетілген редакция
07.06.2012 AI15382_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030000458_
ЭКБ идентификаторы
15382
Редакция идентификаторы
AI15382_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:21

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

1-тармақтың төртiншi абзацында:
"және" деген шылау алынып тасталсын;
"қадағалау" деген сөзден кейiн "және мемэнергияқадағалау" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
тақырыбы "органдарының" деген сөзден кейiн, ", сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы IV бөлiммен толықтырылсын:
"IV. Мемэнергияқадағалау органдарының
қорытындысы қажет лицензияланатын
жұмыстар мен қызметтер көрсету түрлерiнің тiзбесi
1. Электр энергиясын өндiру, беру және тарату.
2. Жылу энергиясын өндiру, беру және тарату.
3. Электр станцияларын, электр желiлерi мен кiшi станцияларды пайдалану.
4. Энергетикалық жабдықты жөндеу.
5. Электр станцияларын, электр желілерi мен кiшi станцияларды жобалау.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы