О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894
Күшін жойған
Қаулы
·№ 1256
·
20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1256
- Қабылданған күні
- 10.12.2003
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI17758_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030001256_
- ЭКБ идентификаторы
- 17758
- Редакция идентификаторы
- AI17758_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:43
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
3 "Лицензияланатын қызметтің түрлері" деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"уларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою";
реттік нөмірі 5-жолда жетінші абзац "уларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою" алынып тасталсын.