О внесении дополнений и изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1894 и от 28 июля 2005 года № 786
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1894 и от 28 июля 2005 года № 786
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1258
- Қабылданған күні
- 23.12.2006
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI30777_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060001258_
- ЭКБ идентификаторы
- 30777
- Редакция идентификаторы
- AI30777_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:22
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 және 2005 жылғы 28 шілдедегі N 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1 1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
"дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың және басқа да ұйымдардың қызметі;
бірінші, екінші және үшінші санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметі;
жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты қызметі";
реттік нөмірі 36-жолдың 3-бағанында "дене шынықтыру және спорт жөніндегі" деген сөздер ", дене шынықтыру және спорт саласында қызметтер көрсетуге байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;