О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1894
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года № 1894
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 02.02.2011
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2012 AI57238_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100000069
- ЭКБ идентификаторы
- 57238
- Редакция идентификаторы
- AI57238_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:13
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 15-жол алып тасталсын;
3-бағанда:
реттік нөмірі 27-1-жолдағы «Облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;» және «алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;» деген сөздер алып тасталсын;
реттік нөмірі 31-1-жолда:
«Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында лотереялар (мемлекеттіктен (ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және өткізу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
«этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты» деген сөздерден кейін «, алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату» деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 35-жолдағы «Алматы қаласындағы лотереяларды (мемлекеттіктерінен басқа) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызмет» деген сөздер алып тасталсын.