О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 1996 года № 48 "Об утверждении Правил о консервации банков в Республике Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 февраля 1996 года № 48 "Об утверждении Правил о консервации банков в Республике Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы № 48 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 09.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2009 AI26579_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004047_
- ЭКБ идентификаторы
- 26579
- Редакция идентификаторы
- AI26579_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:02
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы № 48 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасында банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктердің жұмысын доғару туралы ережені бекіту туралы" 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 439 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 413 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 64 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 340 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 714 тіркелген) және Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 240 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3129 тіркелген) бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) банк органдарының өкілеттілігі тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан босатылады;";
18-тармақта:
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) кредитор мен борышкердің бір адам арқылы сәйкес келуіне байланысты өзара талаптарды есепке алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Доғару процесіндегі банкке қойылатын талаптары талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.".