О внесении дополнения и изменений в приказ Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 29 ноября 1999 года N 256
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения и изменений в приказ Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям от 29 ноября 1999 года N 256
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 17.10.2000
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2000 AI7627_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V000001328_
- ЭКБ идентификаторы
- 7627
- Редакция идентификаторы
- AI7627_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:13
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық инспекция органдарынан түскен ұсыныстарға байланысты, сондай-ақ "Сертификаттау туралы" Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi Мемлекеттiк инспекция органдарының қадағалауындағы өнеркәсiп салаларында пайдаланатын қауiп-қатерi жоғары өзiмiздiң елде шығарылатын бұйымдардың жаңа түрлерiн қабылдау сынағына жiберуге, сериялық шығаруға және қолдануға, сондай-ақ шет елден әкелiнген қауiп-қатерi жоғары бұйымдарды пайдалануға рұқсат беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 29 қарашадағы N 256 бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
аталған нұсқаулықтың 1-тарауындағы:
3-тармақтың екiншi абзацындағы "Меминспекция" сөзi "Департамент" сөзiмен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Облыстық, Астана мен Алматы қалаларының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi инспекциялары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң аумақтық органдары, Облысаралық мемлекеттiк және мамандандырылған Теңiз инспекциялары (бұдан әрi - инспекциялар)";
2-тараудағы 7-тармақтың 2) және 4) тармақшаларының күшi жойылған деп танылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"тәжiрибелiк бұйымдардың үлгiлерiне кiргiзiлген (жарылыстан қорғау, электр қауiпсiздiгi, ұшқын қауiпсiздiгi, дыбыс және тербелiс, электр магниттiк қосылушылық және т.т.б.) дайын бұйымдардың қауiпсiздiк талабына сәйкестiк сертификаты".