Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 г. № 527 «О мерах по охране и воспроизводству сайгака»

Өзге акт · № 120 · қабылданған 30.05.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/29-1999-no-527/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 г. № 527 «О мерах по охране и воспроизводству сайгака» Күшін жойған 30.05.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 г. № 527 «О мерах по охране и воспроизводству сайгака»

Күшін жойған Өзге акт № 120 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 1999 г. № 527 «О мерах по охране и воспроизводству сайгака»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Киікті қорғау және көбейту жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысын іске асыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
30.05.1999
Көрсетілген редакция
30.05.1999 6926_257570.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00P0000406
ЭКБ идентификаторы
6926
Редакция идентификаторы
6926_257570
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:07
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Киікті қорғау және көбейту жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысын іске асыру туралы

Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 13.12.2000 № 218 шешімімен.
Соңғы жылдардағы құрғақшылық, браконьерлiкпен күрестiң әлсiреуi салдарынан, сондай-ақ киiктi аулаудың негiзсiз лимиттерi нәтижесiнде облыста оның саны күрт азайып кеттi.
Киiктiң өсiп-өнуiне және санын көбейтуге, жағдай туғызу, браконьерлiкке тосқауыл қою жөнiндегi шараларды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Киiктi қорғау және көбейту жөнiндегi шаралар туралы" 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 Қаулысына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:

1. Облыстық комитеттер, басқармалар, жануарлар дүниесiн қорғауға өкiлеттi арнаулы органдар, аудандар, ауылдық (селолық) округтер әкiмдерi облыс аумағында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 527 Қаулысымен белгiленген 1999-2000 жылдары киiктiң барлық түрлерiн аулауға тыйым салудың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсiн.

2. Батыс Қазақстан облысында киiктi қорғау жөнiндегi шаралар бекiтiлсiн (қосымша).

3. Облыстық орман, балық және аңшы шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, iшкi iстер басқармалары кеден басқармасы, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды көбейтудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау инспекциясы төрт бiрлескен жедел мобилдi топ құрсын және киiктi тұрақты қорғау, Ақжайық, Жаңақала, Орда және Қаратөбе аудандарында браконьерлiкке, киiк етiн және оның өнiмдерiн заңсыз әкетуге тосқауыл қою жөнiндегi олардың пәрмендi жұмысын ұйымдастырсын.

4. Ақжайық, Жаңақала, Жәнiбек, Қаратөбе, Қазталов және Орда аудандарының әкiмдерi осындай жедел топтар құрсын:

- қорғау шараларын өткiзуде облыстық жедел топтарға қолдау көрсетсiн;
- қасқырлар мен бөрiлердi ату жөнiнде аңшылар бригадаларын ұйымдастырсын және жыртқыштарды жойғаны үшiн оларды ынталандыру шараларын белгiлесiн.

5. Облыстық қаржы басқармасы, облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры, облыстық орман, балық және аңшы шаруашылығы басқармасына киiктi қорғауға үстiмiздегi жылы жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi биотехникалық шараларды өткiзуге көзделген қаржы есебiнен 100 мың теңге бөлсiн.

2000 жылға арналған шығындар сметасында киiктi қорғауға, көбейтуге және есептеуге қажеттi қаржы бөлудi қарастырсын.

6. Шешiм бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндап жариялансын.

7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмi орынбасарының кеңесшiсi В.П. Нееловқа жүктелсiн.

8 Батыс Қазақстан облысында 1999-2000 жылдарда киiктердi қорғауды күшейту жөнiндегi шаралар ЖОСПАРЫ

Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
31 мамырдағы N 120
шешiмiне қосымша
Батыс Қазақстан облысында 1999-2000 жылдарда киiктердi қорғауды күшейту жөнiндегi шаралар ЖОСПАРЫ
№ р/с
Жоспарлы шаралар
Орындау мерзімі
Орындаушылар
1.
Киiктердi қорғау және браконерліктің жолын кесуге арналған тұрақты әрекет ететiн бiрлескен оперативтiк ұтқыр топтар ұйымдастыру, олардың шығу кестесiн әзiрлеу
1999 жылдың маусымына дейін
Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, ІІБ, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, көбейтуді және пайдалануды мемлекеттік бақылау инспекциясы
2.
Киiктер төлдейтiн жерлердi вахталық әдiспен күзету
Киiктер төлдейтiн кезеңде
-
3.
Киiктер төлдейтiн жерлерге әдейi арналғаннан басқа көлiк түрлерiнiң қозғалысына тыйым салатын уақытша аймақтар құру
-
Аудандар әкiмдерi
4.
Тұрғындар арасында алдын-ала түсiнiк жұмыстарын жүргiзу
Ұдайы
Орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы, айналадағы ортаны қорғау басқармасы, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауды, көбейтудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау инспекциясы, аудандар әкiмдерi, бұқаралық ақпарат құралдары
5.
Киiктердi заңсыз аулап, өнiмдерiн облыстан тыс жерге алып кетудi болдырмау
Ұдайы
Облыстық кеден басқармасы