О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 февраля 2000 года N 326
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 февраля 2000 года N 326
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N 326 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1206
- Қабылданған күні
- 14.11.2002
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2009 AI13544_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020001206_
- ЭКБ идентификаторы
- 13544
- Редакция идентификаторы
- AI13544_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:43
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N 326 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2009 N 2016 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу процесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. "Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N 326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10, 117-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:
1) тақырыбы және 1-тармақ "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Республика азаматтарын шетелде емдеуге бөлiнетiн бюджет қаражатын жұмсауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:";
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiнде:
тақырыбы "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"азаматтар" деген сөздiң алдынан "уәкілеттi орган бекіткен аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
2) тармақшадағы "мамандандырылған" деген сөздiң алдынан "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 4) тармақшадағы "қорытындысының" деген сөзден кейiн ";" тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) уәкiлеттi органның бейiндiк штаттан тыс бас мамандары қорытындысының";
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссия, сондай-ақ науқасты алып жүретiн адам болуының негiздiлiгiн, науқас пен оны алып жүретiн адамның жол жүру қаражатын қарастырады.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.";
8, 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Ауруларды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасын қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Уәкiлетті орган аумақтық Қазынашылық органына белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар:
1) комиссияның қорытындысын;
2) шарттың көшiрмесiн ұсынады.";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақтың бiрiншi абзацының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды:";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.".